Басты бет / Филология / А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы / Аккузова Айнур Абдыжалиловна

Аккузова Айнур Абдыжалиловна

Лауазымы: аға оқытушы
А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы
Жасырылған
       Аккузова Айнур Абдыжалиловна – 1990 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келді. Тұрмыс құрған, 2 қызы, 1 ұлы бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2011 жылы бакалаврды үздік дипломмен, 2013 жылы магистратураны тәмамдады. 2015-2018 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚР ҰҒА-ның бірлескен ғылыми кадрларды дайындау жобасы аясында «6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгерді. 2011-2022 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жұмыс істеді. 2013-2022 жылдар аралығында Ұлттық тестілеу орталығы, Тыңдалым бөлімінің әзірлемеші қызметін атқарып келеді. 2021 жылдың қаңтар айында ф.ғ.д., профессор Ж. Манкееваның жетекшілігімен «Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын көпшілік алдында сәтті қорғап, «6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. 50 аса ғылыми мақалалардың авторы. А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы.
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0